Қарағанды облысы қысқа қалай дайындалуда

Қарағанды облысы қысқа қалай дайындалуда

Қарағанды облысы ТЖД-де өткен брифингте өңірдің қысқа дайындығы туралы айтылды. 1 қарашадан бастап азаматтық қорғаудың кіші жүйесі жоғары әзірлік режиміне өтеді. Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін 3 070 адам және 1 200-ден астам техника жұмылдырылады.

Жалпы өткен жылдардың тәжірибесін ескере отырып, ұзындығы 714 шақырым республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың 525 учаскесі ерекше бақылауға алынады, зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 28 жылыту пунктінің жұмысы ұйымдастырылады.

- Біз түрлі апаттық-құтқару техникасының 87 бірлігін дайындыққа әкелдік. Белсенді түрде жол талғамайтын көліктер, вахталық автомобильдер қолданылады. Бұл техника қар құрсауында жиі қалатын бағыттар - Теміртау, Осакаровка, Молодежный, Ақсу-Аюлы, Атасу бойынша болады. Барлық бөлімшелер мен басқару органдарының дайындығы алдағы "Қыс-2021" республикалық оқу-командалық оқу-жаттығулары барысында түпкілікті тексеріледі. Оларды қарашаның бірінші онкүндігінде өткіземіз, - деді Қарағанды облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы полковник Мұрат Қатпанов.

ТЖД қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды екенін атап өтіп, облыс тұрғындарын өте мұқият және жауапты болуға және өздерін қауіп-қатерге ұшыратпауға шақырады.

Ауа райының нашарлауы, дауыл ескертулері, трассалардың жабылуы кезінде халыққа СМС-жіберілім, БАҚ, теле-, радиохабар, әлеуметтік желілер және "Дәрмен" мобильді қосымшасы сияқты тәсілдермен хабарланатын болады.