Сәтпаевта Абайдың бюсті орнатылып, оның атындағы аллея абаттандырылды

Сәтпаевта Абайдың бюсті орнатылып, оның атындағы аллея абаттандырылды

Сәтбаевта Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында ұлы ойшылдың атындағы аллея пайда болды. Мұнда ағаштар отырғызылып, этникалық стильде сәулеттік композициялар орнатылып, топиарлық аркалар салынды. Қалада салтанатты түрде ұлы ақынның бюсті ашылды.

- Ұлы Абайдың есімі ұлтына қарамастан әрқайсымыз үшін бірдей қымбат. Біз өмірді оның өлмес туындыларымен салыстырамыз, себебі оның барлық қара сөздері бүгінгі күнге дейін өзекті. Біз Абайдың жарқын естелігінің алдында басымызды иіп, алғысымызды білдіреміз, - деді Сәтпаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов.

Аллеяның ашылу салтанатына қала жұртшылығының өкілдері, Сәтбаев пен Ұлытау ауданының құрметті азаматтары қатысты. С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрының әртістері шағын қойылым көрсетті. ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі Батырбек Мырзабеков Абайға арналған өлеңдерін оқыды.

Аллея бойында ұлы ақын-ойшылдың қара сөздері жазылған 45 гранит тақтайшалар орнатылды.