Балқашта 46 көпбалалы отбасы "Қазақмыс" корпорациясынан пәтер алды

Балқашта 46 көпбалалы отбасы "Қазақмыс" корпорациясынан пәтер алды

Өткен аптада Балқашта "Қазақмыс" корпорациясы кәсіпорында жұмыс істейтін 46 көп балалы қызметкерлерінің  отбасына пәтер кілттерін табыстады.

Көп балалы қызметкерлерге тұрғын үй беру бағдарламасы "Қазақмыс Холдинг" ЖШС, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Қарағанды облысының әкімдігі арасында қол қойылған бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту туралы үш жақты меморандум аясында жүзеге асырылады.

Төрт, бес, алты бөлмелі пәтерлер мен бір жайлы үйге тәжірибелі өндіріс қондырғыларының аппаратшылары, үй-жайларды жинаушылар, жөндеу электрмонтерлері, су ерітінділерінің электролизшілері ие болды.

Бұл адамдар өздерінің күнделікті еңбектерімен кәсіпорын мен қаланың дамуына айтарлықтай үлес қосуда. Әр отбасында төрт-жеті бала тәрбиеленеді.

Кілттерді табыстау жағымды миссиясын "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Әділет Барменқұлов орындады.

Салтанатты шараға Балқаш қаласының басшысы Ораз Тәуірбеков қатысты.

- Қазіргі таңда "Қазақмыс" кез келген адамның өміріндегі екі маңызды мәселені шешуде. Біріншісі - лайықты жұмыс беру, екіншісі - баспаналы болуға көмектеседі, - деп атап өтті қала әкімі өз сөзінде.

Бақытты қоныс иелерінің арасында Байжігітовтер отбасы бар. Үлкен отбасының басшысы Жаңаұлан Байжігітов жеті бала тәрбиелеп отыр және "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС БМЗ шихта дайындау цехында шихталаушы болып еңбек етеді.

Отбасы толық иелігінде жайлы үй алды.

Бұл күні пәтер иелері өз әсерлерімен бөлісті.

- Біз үшін барлық жағдай жасалған - үлкен төрт бөлмелі пәтер. Тоңазытқыш, теледидар, кір жуғыш машина және жиһаз бар. Жалпы, үйде қажеттінің барлығы қарастырылған", - деді төрт баланың анасы Алёна Зинина.

"Кәсіпқорған" ҚБ Балқаш кәсіподақ ұйымы барлық қоныс иелеріне тәтті сыйлықтар мен гүлдер әзірледі.