
Е. Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрі 24 қаңтар күні цирк ғимаратында концерт өткізеді. Қарағандылық музыканттармен бірге халықаралық байқаулардың лауреаты, Астанадан келген альт орындаушы Дияр Қасенов сахнаға шығады. Дирижерлік пультте Айдар Торыбаев болады.
Музыка сүйер қауым танымал композиторлардың шығармаларын тамашалай алады. Концерт бағдарламасында: Мирослав Скорик — Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы тақырыптарға жазылған рапсодия; Сергей Дрезнин — И. Дунаевскийдің «Цирк» кинофильміндегі музыка тақырыптарына арналған фантазия; Василий Соловьев-Седой — «Тарас Бульба» балетінен көріністер.
Концерттің басталуы: 17:00. Билеттер цирк кассасында сатылады.
Анықтама телефондары: 8 (7212) 41 22 28 және 42 54 72.