Қарағанды облысының жолдарындағы жағдай

Қарағанды облысының жолдарындағы жағдай

Қарағанды облысында ауа райының күрт нашарлауы – жаңбыр мен бүйірден соққан күшті жел салдарынан республикалық және облыстық маңызы бар барлық бағыттардағы қозғалыс уақытша шектелді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция батальоны күшейтілген қызмет режиміне көшірілді. Күндіз-түні жол жағдайын бақылауға, көлік қатысушыларын қолдауға және автокөліктерді қауіпсіз сүйемелдеуге 80 экипаж және 160 қызметкер жұмылдырылды.

30 қаңтар таңертеңнен бастап полиция қызметкерлері қауіпсіз сүйемелдеу жұмыстарын қамтамасыз етті:

Қарағанды – Теміртау бағытында – 500 автокөлік,

Теміртау – Қарағанды бағытында – 300 автокөлік,

Ақмола облысы шекарасына дейін – 1200 автокөлік.

Облыс тұрғындары мен қонақтарын уақытша қозғалыс шектеулеріне және құқық қорғау органдарының жұмыс ерекшелігіне түсіністікпен қарауды сұрайды. Жүргізушілерге қолайсыз ауа райы кезінде ұзақ сапарларға шықпауға, жол белгілерінің талаптарын, жылдамдық режимін және қауіпсіз қашықтықты қатаң сақтауға, маршрутты жоспарлау кезінде күрделі метеожағдайларды ескеруге кеңес беріледі. Күтпеген төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу полиция қызметкерлеріне жүгіну қажет.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша