Қарағанды облысы: мәдениет саласындағы жыл қорытындысы

Қарағанды облысы: мәдениет саласындағы жыл қорытындысы

Қарағанды облысының Үштөбе және Доскей ауылдарында 200 орындық жаңа ауылдық клубтар ашылды. Өңірде мәдениет саласына қатысты 33 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қарағанды қаласының Мемлекеттік архивінің ғимараты, сондай-ақ Қали Байжанов атындағы Концерттік бірлестік қызметкерлеріне арналған жатақхана қайта жаңғыртылды.

Облыста бірқатар ірі мәдени іс-шаралар өтті:

- Тәттімбет атындағы IX республикалық конкурс;

- «Кукляндия» VII қуыршақ театрлары фестивалі;

- «Әуенді Сарыарқа» XXVI халықаралық музыкалық фестивалі;

- «DosStar» XIV ашық оперетта және мюзикл фестивалі.

Театрларда 20 премьералық қойылым көрермен назарына ұсынылды.

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында реэкспозиция жұмыстары жалғасуда.

Мұражай археологтары биыл 2,5 мың жыл бұрынғы ерте сақ дәуіріне тиесілі бұзылмаған жерлеу орнын анықтады.