
Жаңа жыл қарсаңында Қарағанды театрлары балалар мен олардың ата-аналарына арналған мерекелік бағдарламалар дайындады. Кішкентай көрермендерді шырша жанындағы қойылымдар, сиқырлы оқиғалар, әуендер мен сүйікті ертегі кейіпкерлері күтеді.
К. С. Станиславский атындағы орыс драма театры балаларды «Қояндар әбігері» атты шырша жанындағы қойылымға және «Жаңа жыл ғажайыптары, немесе Баба Ягаға қарсы» музыкалық ертегісіне шақырады. Екі спектакльді де ғажайыпқа сену, мейірімділік пен өзара көмектің күші тақырыбы біріктіреді. Қойылымдар 7 қаңтарға дейін жалғасады. Бағдарлама бес жастан асқан балаларға арналған.
С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театры «Жаңа жыл келді жаңаша!» атты ертегіні ұсынады. Бұл – тіріліп кеткен ойыншықтар мен жаңа жылдық ғажайыпқа деген сенім туралы сиқырлы хикая. Қазақ тіліндегі спектакльдер 3 қаңтарға дейін көрсетіледі. Сонымен қатар 29 желтоқсан күні сағат 16:00-де орыс тіліндегі қойылым жоспарланған.

Мерекелік күндері театр сахнасында «Қасқыр мен Бұзау» ертегісі де көрсетіледі. Қойылымдар 2026 жылдың 3 қаңтарына дейін жалғасады, ал қосымша спектакльдер ақпан айына белгіленген.

Қарағанды облыстық музыкалық комедия театры жаңа жылдық «Щелкунчик» мюзиклінің премьерасын дайындады. Бағдарламаға шырша жанындағы қойылым да кіреді. Спектакль үш жастан асқан балаларға арналған және 7 қаңтарға дейін сахналанады.

Бір жастан асқан ең кішкентай көрермендерді «Буратино» қуыршақ студиясында күтеді. Мұнда шырша жанындағы жаңа жылдық бағдарлама мен «Корпорация монстров» мультфильмі желісімен жасалған «Монстрлардың жаңа жылдық демалысы» атты қуыршақ ертегісі әзірленген. Қойылымдар 7 қаңтарға дейін өтеді.

Теміртау қаласындағы Балалар мен жасөспірімдер театрында «Жаңа жылдық космо-BOOM!» атты мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылады. Сюжет бойынша айлакер ғарыштық зұлым кейіпкер Аяз атаның кейпіне еніп, тілектерді орындайтын кристалды ұрламақ болады. Мерекені Ақшақар мен мейірімді өзгеғаламшарлықтар қорғайды. Қойылымдар 26, 27, 28 және 29 желтоқсан күндері өтеді.