
Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы саласы жыл қорытындысы бойынша оң динамика мен тұрақты дамуды көрсетті. Өңір шаруалары 1 млн 125 мың тонна астық жинап, республика бойынша жалпы астық түсімі көлемінен 4-орынға тұрақтады.

Өндірістік көрсеткіштер
Өндіріс көлемі бойынша Қарағанды облысы ел көлемінде 2-орынды иеленіп отыр.
Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 453,5 млрд теңгеге жетті.
Өңделген өнім экспорты 159,5 мың тоннаны құрады.
Технологиялар
Су үнемдеу технологиялары енгізілген егістік алқаптарының көлемі 46,5 мың гектарға дейін ұлғайтылды.
Пайдаланылмай жатқан 132 264 гектар жер қайтадан ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.

Жобалар
Бір жылда 18 инвестициялық жоба іске асырылып, нәтижесінде 143 жаңа жұмыс орны құрылды.
1777 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге жалпы сомасы 22,7 млрд теңге көлемінде мемлекеттік субсидия бөлінді.
Осакаров ауданында сыйымдылығы 2500 тонна болатын көкөніс сақтайтын қойма, Бұқар жырау ауданында сүт өнімдерін өндіретін зауыт, Нұра ауданында 1100 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы пайдалануға берілді.
Баға
Қарағанды облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында жүйелі шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда:
– қоймаларда 420 тоннадан астам өнім қоры қалыптастырылды;
– жергілікті өндірушілердің өнімдері сатылатын арнайы павильондар ашылып, фермерлер өз тауарын тікелей, делдалсыз және үстемақысыз ұсынуда;
– жергілікті өндірушілермен 19 мың тонна көкөніске форвардтық келісімшарттар жасалды.