Қарағанды облысы: 2025 жыл – көлік және автомобиль жолдары саласындағы қорытынды

Қарағанды облысы: 2025 жыл – көлік және автомобиль жолдары саласындағы қорытынды

Қарағанды облысында 2025 жылы 637 шақырым автомобиль жолы жаңартылды – республикалық тас жолдардан бастап қалалық көшелерге дейін. Көлік инфрақұрылымында жаңа технологиялар енгізілуде. Бұл мобильділікті арттыруға жағдай жасап, өңір экономикасының өсуіне оң әсер етеді. Көлік саласының әр бағытында қандай маңызды жобалар жүзеге асырылды?

Жолдар мен көпірлер

Жөнделген жолдардың жалпы ұзындығы – 637 км: қалалық және аудандық жолдар – 311 км, облыстық жолдар – 84 км, республикалық жолдар – 242 км. Орташа жөндеу кезінде барлық учаскелерде алғаш рет екі қабатты асфальт төселді, бұл жолдың қызмет ету мерзімін ұзартады.

Карағанды – Қарқаралы трассасының 200 км жолы жөнделді.

Бұқар Жырау ауданы, Ғ. Мұстафин ауылында Нұра өзені арқылы жаңа көпір пайдалануға берілді – Теміртауға жол 40 шақырымнан 12 шақырымға дейін қысқарды.

Saran индустриалды аймағына шығатын және Қарағанды – Астана трассасына қосылатын жолды қайта құру бойынша ЖСҚ әзірлеу басталды.

Жаңа технологиялар

Сары-Арқа әуежайына кіретін қар басу қаупі жоғары учаскелерге композиттік қар ұстайтын қоршаулар орнатылды.

Саран – Шахтинск трассасында жүру кезінде салмақты тіркейтін жүйе енгізілді, ол жүк көліктері салмағының асып кетуін анықтайды.

Әуе көлігі

Қарағанды әуежайы жылына 50 мың тонна жүк өңдей алатын толыққанды карго-терминалға жаңартылуда. Қарағанөзек стансасынан Сары-Арқа әуежайына дейінгі 25 шақырым теміржол тармағын салу бойынша ЖСҚ әзірлеу басталды.

Балқаш әуежайының ауқымды реконструкциясы жалғасуда. Модернизациядан кейін оның өткізу қабілеті 30%-ға артпақ.

Қоғамдық көлік

Облыс бойынша автопаркты жаңарту үшін 195 автобус сатып алынды.

ONAY! жүйесі серіктес қалаларға енуде: биыл ол Шахтинск қаласында енгізілді.