Өнеркәсіп, ғылым және мемлекет: Қарағанды облысында QarTech инновациялық-индустриялық форумы өтеді

Өнеркәсіп, ғылым және мемлекет: Қарағанды облысында QarTech инновациялық-индустриялық форумы өтеді

2025 жылдың 18–19 желтоқсанында Қарағанды облысында өңірдің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қолдауымен Saginov Technical University ұйымдастыратын QarTech Өңірлік инновациялық-индустриялық форумы өтеді.

Форум қолданбалы ҒЗТКЖ жүргізу, өнеркәсіпке инновацияларды енгізу, технологиялық кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін, сондай-ақ «индустрия – ғылым – мемлекет» кооперациясының тетіктерін талқылау  мақсатында өнеркәсіптік кәсіпорындары, ғылым, даму институттары, мемлекеттік органдар және технологиялық стартаптар өкілдерін біріктіреді.

18 желтоқсанда Saginov Technical University базасында өңірді дамытудың басым бағыттары – тау-кен металлургия кешені, жаңа материалдар, индустрия 4.0, экология және қалдықтарды басқару бойынша кластерлік пікірталастар, сондай-ақ QarTech инкубатор стартаптарының көрмесі және өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық жобаларының  Demo Day шарасы өтеді.

19 желтоқсанда Достық үйінде «Инновациялық синергия: индустрия – ғылым – мемлекет» атты стратегиялық сессия және инновацияларды мемлекеттік және институционалдық қолдау, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру, технологиялар трансферті және зияткерлік меншікті қорғау құралдарына арналған салалық эксперттік интенсивтер өтеді.

QarTech Форумы бірлескен жобаларды қалыптастыру, индустриялық әріптестіктер орнату және экономиканың нақты секторына ғылыми-технологиялық шешімдерді масштабтау алаңына айналады.

Тіркелу: qartech.kstu.kz.