
Қарағанды облысында өнеркәсіп саласы тұрақты даму қарқынын сақтап отыр. 2025 жылы жалпы құны 254,5 млрд теңгені құрайтын 25 инвестициялық жоба іске қосылып, 4,1 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

Saran индустриялық аймағының аумағы кеңейіп келеді. Аталған алаңда мырышталған өнімдер мен болаттың тік тігісті құбырларын шығаратын екі жаңа зауыт пайдалануға берілді. Сондай-ақ Silk Road Electronics тұрмыстық техника зауыты Samsung маркалы теледидарлар мен кір жуатын машиналар өндірісін жолға қойды.

Қарағанды облысы республикадағы көмір өндірісінің үштен бірінен астамын қамтамасыз етіп, кокстелетін маркалы көмірдің толық көлемін өндіруде. Көмір өндіру көлемі 14 пайызға өсіп, шамамен 30 млн тоннаға жетті.
Сонымен қатар болат өндіру көрсеткіші де артып, 3,1 млн тоннаны құрады.