Қарағанды облысында Тәуелсіздік күніне орай өтетін іс-шаралар

Қарағанды облысында Тәуелсіздік күніне орай өтетін іс-шаралар

Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мәдени және спорттық бағыттағы бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады. Бағдарлама аясында көрмелер, дәрістер, дөңгелек үстелдер, концерттер мен спорттық жарыстар өтеді.

Қарағанды

Облыс орталығында Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар желтоқсан айының басынан басталды. Мемлекеттік тілді білу бойынша «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауы, «Тұғырың биік болсын, туған елім» көркемсөз оқу сайысы, сондай-ақ «Алаш» партиясының 108 жылдығына арналған «Алаштың аманаты – бүгінгі Тәуелсіздік» патриоттық әндер фестивалі өтті. Осындай мазмұндағы іс-шаралар облыстың өзге қалалары мен аудандарында да ұйымдастырылды.

Балқаш

16 желтоқсанда 2012–2013 жылдары туған спортшылар арасында дзюдодан ашық біріншілік пен футбол турнирі өтеді. Сонымен қатар кикбоксинг және үстел теннисінен жарыстар ұйымдастырылады.

Шахтинск

16 желтоқсанда ДКГ-нің үлкен залында Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу тарихына арналған фильмдер көрсетіліп, талқыланады.

Абай ауданы

- жаңа тұрғын үйден пәтер кілттерін табыстау;

- Көксу ауылында ауылдық дәрігерлік амбулаторияның ашылуы.

Ақтоғай ауданы

16 желтоқсанда «Ел ертеңі – Егемендік» атты мерекелік бағдарлама өтеді.

Осакаров ауданы

16 желтоқсанда аудан орталығының дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде ерлер арасында волейболдан жарыстар ұйымдастырылады. Сондай-ақ жасөспірімдер арасында қазақ күресі, асық ату, дәстүрлі садақ ату, мини-футбол және гир спорты бойынша сайыстар өтеді.

Қарқаралы ауданы

16 желтоқсанда Қарқаралы қаласының мәдени-демалыс орталығында «Өнерлі өрендер» балалар шығармашылығы шеруі өтеді.

Ауданның ауылдық клубтарында:

Көктас ауылында – «Тәуелсіздік ең басты құндылық» атты театрландырылған қойылым;

Нұркен ауылында – «Тәуелсіз елім» мерекелік шарасы;

Жанатоган ауылында – «Тәуелсіз ел – бақытты ел» тақырыптық кеші;

Талды ауылында – «Жасай бер, Тәуелсіз елім менің» атты мерекелік қойылым.

Шет ауданы

16 желтоқсанда Ақсу-Аюлы ауылының мәдениет үйінде «Біз де ғашық болғанбыз» спектаклі сахналанады. Сондай-ақ желтоқсан оқиғаларының қатысушысы, ұстаз Серік Мәдиевтің рухына арналған ашық волейбол турнирі өтеді.

Бұқар жырау ауданы

16 желтоқсан:

10:00 – Ғ. Мұстафин атындағы кенттің дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде ересек жасөспірімдер арасында бокстан турнир;

11:00 – Тоғызқұдық ауылында қазақ күресінен аудандық жарыс.

17 желтоқсан:

10:00 – Доскей ауылында «Заңымыз берік – бірлігіміз» атты көркемөнерпаздар ұжымдарының есептік гала-концерті.

19 желтоқсан:

18:00 – аудандық мәдениет үйінде «Сал серілер сазы» әдеби-музыкалық кеші өтеді.