Қарағанды облысы: 2025 жылғы әлеуметтік қорғау саласының қорытындылары

Қарағанды облысы: 2025 жылғы әлеуметтік қорғау саласының қорытындылары

2025 жылы Қарағанды облысында әлеуметтік қолдау шараларына 49,6 млрд теңге бағытталды. 

Жұмыспен қамту бағдарламасымен шамамен 42 мың адам қамтылды. Жұмыссыздық деңгейі 4%-ға дейін төмендеді. Әлеуметтік қорғау саласында тағы қандай нәтижелерге қол жеткізілді.

Отбасы және балалар

949 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды.

1359 балаға қосымша төлемдер жүргізілді.

10 отбасыны қолдау орталығы жұмыс істейді.

6 мыңнан астам адам тегін заңгерлік, әлеуметтік және психологиялық көмекке жүгінді.

Инклюзия және қолжетімділік

35 мың адам реабилитациядан өтті.

Инватакси қызметін 2 мыңнан астам адам пайдаланды.

1241 нысан қолжетімді орта талаптарына бейімделді.

Мүгедектер арбаларын тегін жөндеу сервисі ашылды.

Жаңа әлеуметтік жоба іске қосылды: көп қабатты үйлерде тұратын арбамен қозғалатын адамдар үшін заманауи көтергіш құрылғылары сатып алынды.

Ардагерлерді қолдау

249 адам шипажай емін алды, көрсетілген көмектің жалпы сомасы 305 млн теңгеден асты.

Қаржылай қиын жағдайға тап болған азаматтарды қолдау

Биыл өңірде «Қайта бастау» пилоттық жобасы іске қосылды. Ол қарызды шамадан тыс көбейтіп алып, өздігінен проблемасын шеше алмаған тұрғындарға көмек көрсетуге бағытталған. Мұндай отбасылармен нысаналы жұмыс жүргізіледі: басты назар қаржылық сауаттылықты арттыру мен жұмысқа орналастыруға қойылған.

Жоба аясында 1424 адам қаржылық жағдайын реттей алды, олардың басым бөлігі жұмысқа орналастырылды.