Шахтинскіде жаңа Жедел басқару орталығы ашылды

Шахтинскіде жаңа Жедел басқару орталығы ашылды

Шахтинскіде «Заң мен тәртіп» концепциясы аясында жаңа Жедел басқару орталығы өз жұмысын бастады. Нысан заманауи техникалық құралдармен жабдықталған және қаладағы қауіпсіздікті арттыруға арналған. Жүйеге қазірдің өзінде 311 бейнебақылау камерасы қосылған. Сонымен қатар, 12 мектеп пен 13 балабақшадағы камералар біріккен жүйеге енгізілген, бұл білім беру мекемелерін тәулік бойы онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Нығмет Исмағұов орталықтың жұмысымен танысып, бейнебақылау желісін кеңейту және көпшілік жиналатын орындарға ақылды камералар орнату туралы тапсырма берді.

Қалалық полиция бөлімінің кезекші бөлімі бастығы Ерасыл Дүйсекеевтің айтуынша, нәтижелер бар.

— Бүгінде Оперативтік басқару орталығы тәртіпті қамтамасыз етуде және қылмыстарды ашуда маңызды рөл атқарады. Оның көмегімен 80-нен астам құқық бұзушылық анықталды және бірнеше қылмыс ашылды. Мектептер мен балабақшалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде, себебі балаларды қорғау — біздің басты басымдық, — деді ол.

Жұмыс сапары кезінде Нығмет Исмағұлов полиция бөлімінің қызметкерлерімен де кездесті. Кеңесте профилактикалық жұмыстардың нәтижелері мен алдағы міндеттер талқыланды. Құқықтық тәртіп саласындағы, соның ішінде интернет алаяқтыққа қарсы профилактика жұмыстарының күшейтілуіне қатысты бөлім басшыларына тапсырмалар берілді.

Ақпарат Қарағанды облыстық Полиция департаментінен