QarTech Industrial Science Competition: Қарағанды облысында қолданбалы ғылыми-технологиялық шешімдер байқауы басталады

QarTech Industrial Science Competition: Қарағанды облысында қолданбалы ғылыми-технологиялық шешімдер байқауы басталады

QarTech өңірлік инновациялық-индустриялық хабы Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы қолдауымен өңірдің үздік қолданбалы ғылыми-технологиялық әзірлемелерінің конкурсын жариялайды.   

Конкурстың мақсаты – қолданбалы ғылыми қызметті ынталандыру, өңір ғалымдарын қолдау және өнеркәсіптік енгізу әлеуеті жоғары перспективалы ғылыми-технологиялық жобаларды анықтау. Конкурс төрт ғылыми-өнеркәсіптік кластерді қамтиды:

1. Тау-кен өнеркәсібі және металлургия.

2. Көмір химиясы және жаңа материалдар

3. Индустрия 4.0 және автоматтандыру

4. Экология және қалдықтарды басқару

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • Қарағанды облысының ұйымдарында ғылыми, зерттеу, инженерлік, инновациялық немесе педагогикалық қызметті жүзеге асыру;
  • жобаның технологиялық дайындық деңгейі TRL 5 кем болмауы керек;
  • Ереженің талаптарына сәйкес жоба тақырыбы бойынша ғылыми жарияланымдары және қорғау құжаттары болуы тиіс.

Әрбір сыйлықақы мөлшері – 1 000 000 теңге.

Конкурс – өзіңіздің ғылыми идеяларыңызды, қолданбалы зерттеулеріңізді таныстырып, Қарағанды облысының дамуына үлес қосудың таптырмас мүмкіндігі!

Өтінімдерді беру және Конкурс туралы толық ақпарат қамтылған Ереже Хабтың сайтында орналастырылған: qartech.kstu.kz.