Қарағанды облысы: білім беру саласының 2025 жылғы қорытындылары

Қарағанды облысы: білім беру саласының 2025 жылғы қорытындылары

Қарағанды облысында биыл мектептерді жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы басталды. Сондай-ақ жаңа заманауи білім беру мекемелері ашылды. 2025 жыл тағы қандай өзгерістермен және оқиғалармен есте қалды?

Мектепке дейінгі білім

Мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 90,9%-ға жетті. 11 мектепке дейінгі ұйым ашылды: 5 шағын орталық және 6 жеке балабақша. Балабақшаға бармайтын балаларды дамытуға арналған SabiDamu цифрлық платформасы іске қосылды.

Мектептік білім беру жүйесі

4 мектеп салынды, оның 3-еуі — «Келешек мектебі» жобасы бойынша.

265 білім беру нысаны жөнделді. Реновация бағдарламасы аясында 29 мектеп жаңартылды. 35 ауылдық мектепте ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды.

78 жаңа жаңғыртылған пәндік кабинет сатып алынды — мектептердің жабдықталуы 90%-ға жетті.

Мектептердің 98%-ы инклюзивті білім беруді енгізді.

Теміртау мектептерінде 30 жаңа спорт алаңы жаңғыртылды.

Облыс оқушылары халықаралық және республикалық олимпиадаларда 194 медаль жеңіп алды.

Қосымша білім беру

STEM-жоба аясында қосымша білім берудің 7 ұйымы жаңа жабдық алды, 1000-нан астам бала робототехника, 3D-модельдеу, жасанды интеллект, VR, телестудия сияқты жаңа бағыттармен қамтылды.

Кәсіптік білім беру

Теміртау политехникалық колледжінде гидротехқұрылыс және мелиорация бойынша Құзыреттер орталығы ашылды.

Қарағанды тамақтану және сервис колледжінде студенттердің кәсіби дағдыларын дамыту үшін Coffee Time студенттік бистросы іске қосылды.