Қарағандыда өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Қарағандыда өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Қарағандыда «Қазақстанның тау-кен металлургия саласындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік: сын-қатерлер, шешімдер, заңнама және инновациялар» тақырыбында конференция өтті. Іс-шараны ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті ұйымдастырып, оған Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, салалық қауымдастықтар, өнеркәсіп кәсіпорындарының мамандары және ғылыми орта қатысты.

Кездесуде өндірістік қауіпсіздікті арттырудың жаңа тәсілдері мен қазіргі тәуекелдер талқыланды. Сондай-ақ жасанды интеллектті қолдану, инновацияларды енгізу, инженерлік кадрларды даярлау және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мемлекет, бизнес, ғылыми қауымдастық және оқу орталықтары арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін одан әрі дамыту қажеттілігі атап өтілді.

Конференцияға қатысушылар «Karaganda Komir» ЖШС диспетчерлік орталығында болып, оның жұмысымен танысты.

ҚР ТЖМ мәліметі бойынша