«Цифрлық волонтер паспорты»: Қарағанды облысында еріктілерді есепке алу және марапаттау жүйесі құрылуда

«Цифрлық волонтер паспорты»: Қарағанды облысында еріктілерді есепке алу және марапаттау жүйесі құрылуда

Қарағанды облысында өңірдегі барлық еріктілердің қызметін біріктіруге және тиімді үйлестіруге мүмкіндік беретін жаңа жоба таныстырылды. 

Жастар саясаты басқармасы елімізде баламасы жоқ «Цифрлық волонтер паспорты» жүйесін енгізді. Бұл – жасына немесе қызмет саласына қарамастан барлық еріктілерді есепке алатын бірыңғай база.

Паспортта еріктінің қатысқан акциялары, жобалары мен іс-шаралары көрсетіледі. Осы деректер негізінде жеке рейтинг қалыптасады: адам еріктілік бастамаларға неғұрлым белсенді қатысса, соғұрлым жоғары ұпай жинайды.

Жоғары рейтингке ие еріктілер гранттар, білім беру бағдарламалары, тағылымдамалар және шипажай-профилакторияларға жолдама алуға мүмкіндік алады.

Жүйеге тіркелу еріктілерге жұмысқа орналасу кезінде және әртүрлі байқауларға қатысу кезінде расталған тәжірибесін пайдалану мүмкіндігін береді.

 

Цифрлық паспорт алу үшін Saryarqa Jastary сайтына  кіріп, тіркелсе жеткілікті.

Паспортқа жасына немесе қызметіне қарамастан кез келген ерікті ие бола алады.

Әлемде әр жыл сайын 5 желтоқсанда Халықаралық еріктілер күні аталып өтіледі. Биылғы мерекенің тақырыбы – «Әр үлес маңызды».