Қарағанды облысында 10 желтоқсанда дабыл беру жүйелері тексеріледі

Қарағанды облысында 10 желтоқсанда дабыл беру жүйелері тексеріледі

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын аумақтық деңгейдегі дабыл беру жүйелерінің жоспарлы тексерісі туралы хабардар етеді.

2025 жылдың 10 желтоқсанында сағат 10:55-те «Баршаңыздың назарларыңызға!» дабыл сигналы бойынша барлық қолда бар дыбыстық электросиреналар іске қосылады. Тексерістің мақсаты – төтенше жағдайлар туындаған кезде дабыл беру жүйелерінің дайындық деңгейін анықтау.

Ведомство тұрғындарды сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауға және тексерілмеген ақпарат таратпауға шақырады.

Төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуға болады.