Қарағандылықтарды жүннен жасалған картиналар көрмесіне шақырады

Қарағандылықтарды жүннен жасалған картиналар көрмесіне шақырады

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында жүнмен сурет салу техникасында жұмыс істейтін суретші Елена Нивиденскаяның жеке көрмесі ашылады.

Ол бұған дейін Теміртауда және Қарағандыда өз жұмыстарын көпшілікке ұсынған, сондай-ақ Қазақстан, Ресей және АҚШ-та өткен көркемдік байқаулардың қатысушысы әрі жүлдегері болған.

Шығармашылық қызметтен бөлек, Елена балалар мен ересектерге арналған көркемсурет студиясының негізін қалаған. Онда ол сурет салу, кескіндеме, станоктық және қолданбалы композиция пәндері бойынша сабақ береді.

— Бұған дейін суретші біздің мұражайда тек ұжымдық көрмелерге қатысқан еді, сондықтан алдағы экспозиция оның осындағы алғашқы жеке көрмесі болмақ. Көрмеге шамамен 50 жұмыс енгізіледі. Шығармалардың тақырыптық аясы кең — әр көрермен өзіне ұнайтын дүниені таба алады, — дейді бейнелеу өнері мұражайының жетекшісі Бибігүл Құдабаева.

Көрме 5 желтоқсанда сағат 16:00-де ашылады. Жұмыстарды 14 желтоқсанға дейін тамашалауға болады.