Қарағандыға Астанадан инклюзивті театр келеді

Қарағандыға Астанадан инклюзивті театр келеді

Қарағандыға алғаш рет Qazaq Inclusive Theatre ұжымы келмек. Бұл труппа жақында ғана елордада, «Kozimnin Qarasi» атты Қазақстанның мүгедектер қоғамдық бірлестігі жанынан құрылған. 4 желтоқсанда С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының сахнасында олар премьералық қойылымын – Жүзбай Серіктің «Өмір-ғайып» романының желісімен жазылған «Жоламан» музыкалық драмасын көрерменге ұсынады.

Қойылым қоғамдағы маңызды мәселелерді – тастанды балалардың тағдырын, ата-ананың жауапкершілігін және отбасы құндылықтарының маңызын көтереді. Драма ерекше жаратылған жанның өмірі туралы сыр шертеді: ол көру қабілетінен айырылса да, жүз баланы өз қамқорлығына алған.

Көрермендер өнердің адамдарды қалай біріктіретінін өз көзімен көре алады. Инклюзивті театрда кәсіби әртістермен бірге ерекше қажеттіліктері бар 20-дан астам актер жұмыс істейді.