Пандемия кезінде ауылдың өмірі туралы фильм жасау идеясы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелеріне келген. Оны жергілікті атқарушы органдар және Новодолинский тұрғындары қолдаған.
Фильмді жергілікті православие шіркеуінің әкейі Александр Гатиев түсірген және екі ай бойы монтаждаған. Кадрдан тыс оны Екатерина Ахметжанова дауыстаған.
- Біз бұл қиын уақытты адамдардың жадында сақтағымыз келді, - деді идеялық шабыттандырушы Новодолинский кентінің әкімі аппаратының бас маманы Людмила Чобанюк. - Барлық саланы қамтуға тырыстық: медицина, білім беру, сауда, кәсіпорындардың жұмысы. Бұл жағдайға қатысты
құрметті адамдардың көзқарасын сұхбат түрінде жазып алдық. Біз ештеңені идеализацияламадық. Қиындықтар бар. Бірақ біз қазіргі жағдайда оптимизм және жақсылықтың барын көрсетіп, елдің еңсесін көтергіміз келді. Жақсылық айналамызда, тек мұқият қараңыздар…
Фильмде кент әкімі Арман Түсіповпен, жергілікті ардагерлер қоғамдастығының төрағасы Наталья Куцай, мәдениет Үйінің мәдени-сауық бөлімінің басшысы Татьяна Замятина, №11 ЖББМ ақпараттандыру жөніндегі директордың орынбасары Валерия Макагоновамен сұхбатты көруге болады. Олар бүгінгі таңда барлық қазақстандықтар тап болған шындық туралы айтады.
Көптеген тыйымдарға қарамастан, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет сияқты маңызды салалар, волонтерліктің дамуына серпін берілді. Пандемия кезінде кентте Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша бірнеше жоба жүзеге асырылды. Үлкен футбол алаңы абаттандырылды
жүгіру жолдары бар алаң, екі жол асфальтталды, соның ішінде кентішілік жол жөнделді. Новодолинский балалары қашықтық форматта халықаралық және республикалық байқауларға қатысты.
- Біздің тұрғындар қауіп алдында жұмыла отырып, бірікті - дейді Людмила Чобанюк. - Және күш бірлікте екенін көрсетті. Айтпақшы, деректі фильм біздің соңғы туындымыз емес. Кеше біз коронавирус туралы видео түсірдік. Бізге жергілікті МҮ әртістері көмектесті. Біз бұл қиындықпен бірге күресеміз!