
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдікті несие алуға өтінім енді Amanatnesie.kz платформасында онлайн қабылданады. Бұл туралы Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мәлімдеді.
Платформада несиелеу талаптарымен танысып, өтінімді электронды форматта жолдауға, қажетті құжаттарды тіркеуге және өтінімнің қаралу барысын бақылауға мүмкіндік бар.
Сервисте көрсетілген ақпаратқа сәйкес, өтінімді толтыруға шамамен 10 минут қажет, ал оны қарау мерзімі – 15 жұмыс күні.
Еске сала кетейік, «Ауыл аманаты» бағдарламасының негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының табысын арттыру және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау. Бағдарлама бойынша қаржыландыру жылдық 2,5% мөлшерлемемен беріледі, несие мерзімі – 5–7 жыл. Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер 2,5 мың АЕК-ке дейін, ал кооперативтер 8 мың АЕК-ке дейін несие ала алады.
Қосымша сұрақтар бойынша Call-орталыққа жүгінуге болады: +7-717-272-53-88.