Қарағанды облысы бойынша Соттар әкімшісінің жаңа басшысы тағайындалды

Қарағанды облысы бойынша Соттар әкімшісінің жаңа басшысы тағайындалды

Қарағанды облыстық сотында өткен кеңесте ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров өңірдегі Соттар әкімшісінің жаңа басшысы Мақсат Исинді таныстырды.

Жақында Наиль Ахметзакиров жұмыс сапарымен біздің облыста болды. Теміртау, Саран соттарының және Октябрь ауданының №2 сотының жұмысымен танысты.

Мақсат Исин 1986 жылы дүниеге келген. 2007 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ бітірді. 2015 жылы «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша Қазтұтынуодағының ҚЭУ дипломын алды.

2012-2018 жылдары Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы, №2 Ұлытау аудандық сотының аға сот приставы, сот отырысының бас маманы-хатшысы, Қарағанды облыстық сотының материалдық-техникалық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы болды. Инфрақұрылымды қамтамасыз ету және дамыту бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін облыстық соттар Әкімшісі басшысының орынбасары болды.