
Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығының VI ойындары өтті. Додаға 57 елдің спортшылары қатысты. Қазақстан құрамасы түрлі дәрежедегі 56 медаль жеңіп алып, үздік ондыққа кірді. Сол наградалардың сегізі қарағандылық спортшыларға тиесілі.

Ислам ойындарында бірінші орын алғандар: джиу-джитсудан — Алматай Жігер, карате бойынша — Никита Тарнакин, үстел теннисінен командалық жарыста — Алан Құрманғалиев. Ауыр атлетикадан Любовь Ковальчук күміс медаль иеленсе, Артем Антропов қола жүлде алды.

Ажар Салықова джиу-джитсудан күміс жүлде иеленді. Сондай-ақ үшінші орынға көтерілгендер: әйелдер күресінен — Эльмира Сыздыкова және гандбол құрамасы сапындағы Кира Немтырева.

Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіненің ақпараты бойынша