Қарағандылық теннисші Әмір Омарханов Тунисте өткен турнирде жеңіске жетті

Қарағандылық теннисші Әмір Омарханов Тунисте өткен турнирде жеңіске жетті

Он сегіз жастағы Әмір Омарханов Тунистегі Монастир қаласында өткен ITF M15 санатындағы турнирдің чемпионы атанды. Қарағандылық спортшы ITF Juniors жүйесі бойынша әлемнің екінші ракеткасы саналатын германиялық Макс Шонхаусты жеңді.

Бұл титул Әмір Омархановтың кәсіби мансабындағы алғашқы жеке дара трофей болды.

Қазір спортшы Италиядағы Риккардо Пьятти академиясында жаттығады.

Ал өзінің спорттық жолын ол Қарағандыда бастап, Петр Нестеровтың жетекшілігімен дайындалған.

Қазақстан теннис федерациясының ақпараты бойынша