Қарағанды облысында дәрілік заттармен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты

Қарағанды облысында дәрілік заттармен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті өңірде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілу жағдайы тұрақты деп хабарлайды. ЖРВИ мен тұмауды емдеуде қолданылатын препараттардың негізгі топтарының болуына жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша тапшылық байқалмайды, дәрі-дәрмектерге сұраныстың күрт өсуі байқалмайды.

Департамент мәліметтері бойынша облыстағы дәріхана қоймалары мен дәріханаларында, Қарағанды, Теміртау және Балқаш қалаларын қоса алғанда, барлық негізгі вирусқа қарсы препараттар, ересектер мен балаларға арналған қызуды түсіретін, сондай-ақ симптоматикалық әсер ететін препараттар бар.

«Бүгінгі күні дәріхана желісінің қамтамасыз етілуі тұрақты деңгейде. Негізгі вирусқа қарсы препараттар, ибупрофен- және парацетамол-құрамды дәрілер, сонымен қатар құрама дәрілер аумақтың барлық дәріханаларында бар. Жағдай толық бақыланады және тапшылық байқалмайды», — деп хабарлады Департаментте.

Ірі дистрибьюторлармен жеткізілім сұрақтары пысықталды, дәріхана желісін толықтыру жоспарлы режимде жүзеге асырылады.

Департамент жеке позициялардың қысқа мерзімді болмауы логистикалық процестермен, дәрі-дәрмектерді жөнелтумен және қабылдаумен байланысты екенін түсіндіреді. Сонымен қатар, Департамент мамандары дәріхана желісінде сұранысқа ие препараттардың қол жетімді аналогтары бар екенін еске салады. Таңдау кезінде белсенді затқа назар аудару маңызды, қажет болған жағдайда - фармацевтпен кеңесу қажет.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі жөніндегі саясаты шеңберінде қазіргі уақытта кейбір препараттардың бағасы төмендеу үрдісін көрсетіп отырғанын атап өткіміз келеді. Атап айтқанда, Сумамед және Ципролет сияқты бактерияға қарсы препараттар халық үшін қол жетімді.

Рецептсіз босатылатын дәрі-дәрмектердің (парацетамол, ибупрофен және т. б.) құнына келетін болсақ, олардың бағсы дәріханалар арасында әр түрлі болуы мүмкін. Мемлекет бұл дәрі-дәрмектерге шекті бағаны белгілемейді, сондықтан баға нарықтық жағдайға, дәріханалар арасындағы бәсекелестікке және дәріхана ұйымдарының баға саясатына байланысты қалыптасады.

Дәріханаларда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың болуы мен құны туралы ақпаратты I-teka медициналық ақпараттық сервисі арқылы(i-teka.kz веб-сайты, мобильді қосымшасы, I-teka телефон анықтамасы 8-708-808-74-74), Қарағанды қаласы дәріханалары анықтамасының байланыс нөмірлері бойынша: 1333, 30-48-11, 8-707-173-96-75, немесе дәріхана желілерінің ресми сайттары арқылы білуге болады.