QarTech хабында біліктілікті арттыру курстарына тыңдаушыларды қабылдау басталды

QarTech хабында біліктілікті арттыру курстарына тыңдаушыларды қабылдау басталды

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің базасында Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп  басқармасының қолдауымен құрылған QarTech өңірлік инновациялық-индустриялық хабы өнеркәсіптік кәсіпорындардың инженерлі-техникалық мамандарына арналған біліктілік арттыру курстарына қабылдау ашылғанын жариялайды. 

Әрбір курсты білікті оқытушылар және тәжірибелі, осы салада жұмыс істейтін сарапшылар жүргізеді.

Қатысушыларға келесі бағдарламалар қолжетімді:

1. ​Көмір химиясы және жасыл технологиялар.

2. ​Машина жасау бұйымдарын 3D модельдеу.

3.​ Геофизикалық деректері түсіндіру.

4. ​Өнеркәсіптік робототехника мен мехатрондық жүйелер.

5. ​Металлтану және металдарды термиялық өңдеу.

6.​ Тұрақты даму және қалдықтармен жұмыс істеудің ресурс үнемдеуші принциптері.

Оқу 2025 жылғы желтоқсан айының 1-нен бастап 12-не дейін өтеді, көлемі – 72 академиялық сағат, форматы – тәжірибелік тапсырмаларды қамти отырып, күндізгі оқу.

Тіркелу qartech.kstu.kz сайтында 2025 жылғы 26 қарашаға дейін қолжетімді.