
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды қаласы тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен кездесу 2025 жылы 3 желтоқсан сағат 15.00-де Кеншілер мәдениет сарайында өтеді.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) (8-7212) 42-36-58, 42-58-61 телефоны арқылы және qaragandy@akimat09.kz электрондық поштасы арқылы қалдыруға болады.