
Қарағандыда дәстүрге айналған «Висла» польша киносы фестивалі биыл сегізінші рет өтеді. Ашылуы 22 қараша, сенбі күні «Сарыжайлау» кинотеатрында (Бұхар-жырау даңғылы, 32) болады. 29 қарашаға дейін бір апта бойы қазақстандық және халықаралық фестивальдерден жүлде алған поляк киносының жаңа картиналарын тегін көруге мүмкіндік бар.
Жыл сайын ұйымдастырушылар бағдарлама мазмұнын әртараптандырып, үздік фильмдерді ұсынуға тырысады.

22 қараша, 16:00 – драма «Шаруалар» (2023), режиссерлері – Дорота Кобела және Хью Уэлшман. XIX ғасырдың соңында өрбитін, эмоция мен адам тағдырларының драматизміне толы Липце ауылы тұрғындарының тарихы.

23 қараша күні екі фильм көрсетіледі:
16:00 – комедия, Яцек Бромскидің «Құдайдың панасында. Крулёв көпірінде» (2024) картинасы – ауыл тұрғындары туралы танымал сериалдың төртінші бөлігі. Кейіпкерлер жиі жанжалдасса да, ақырында ортақ игілік үшін бірігеді.

18:30 – драма, Вальдемар Кшистектің «Екі қыран астындағы үй. Зофияның өтірігі» (2023) фильмі – естелік, қайғы және өткеннен қашып құтылудың мүмкін еместігі туралы шығарма.

24 қараша, 18:30 – Радек Дунашевскийдің романтикалық комедиясы «Махаббат жаныңда» (2021).

25 қараша, 18:30 – драма-комедия «Сол уақытта» (2021), режиссер – Кинга Дембска.

26 қараша, 18:30 – драма-комедия «Мыран Борнхольм» (2022), режиссер – Анна Казеяк. Балаларымен бірге демалысқа Данияның Борнхольм аралына аттанған достар тобы туралы оқиға. Балалар арасындағы түсініспеушілік олардың қарым-қатынасында үлкен дағдарыс тудырады. Көрермендер кейіпкерлердің осы күрделі жағдайдан қалай шығатынын көреді.

27 қараша, 18:30 – драма «Фигурант» (2023), режиссер – Роберт Глиньски. Оқиға 1958 жылы Ескі Краковта өрбиді. Болашақ Рим Папасы Иоанн Павел II-ні жиырма жыл бойы бақылаған қауіпсіздік қызметінің қызметкері туралы тарих баяндалады.
28 және 29 қараша, 18:30 – Лодзь кино мектебінің студенттері түсірген қысқаметражды фильмдер топтамасы.