
Қарағандыда азаматтық белсенділікті арттыруға, инклюзивті бастамаларды қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ әлеуметтік жұмыстың сапасын және қоғамның қатысу деңгейін көтеруге бағытталған Ten Qogam байқауына өтінім қабылдау басталады.
Байқау келесі санаттар арасында өткізіледі:
* Қарағанды қаласының мүмкіндігі шектеулі тұрғындары;
* мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар;
* үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлері;
* мүмкіндігі шектеулі жандардан құралған шығармашылық ұжымдар.
Номинациялар:
1. Үздік үкіметтік емес ұйым.
2. Үздік әлеуметтік қызметкер.
3. Өз ісінің шебері.
4. Үздік әлеуметтік бастама/әлеуметтік жоба.
5. Мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтарын қорғауға қосқан үлесі үшін.
6. Үкіметтік емес ұйымның үздік әлеуметтік қызметкері.
7. Спорт саласындағы үздік.
8. Мәдениет/өнер саласындағы үздік.
9. Мүмкіндігі шектеулі жандардың үздік шығармашылық бірлестігі.
Байқауға қатысу үшін белгіленген форма бойынша өтінімді ( Қосымша 1) толтырып, оны көркем фотосуретпен немесе ұзақтығы 30 секундқа дейінгі бейнероликпен бірге ten.qogam@gmail.com электрон поштасына жолдау, не болмаса Қарағанды қаласы, Тәттімбет көшесі, 709 мекенжайында орналасқан Ten Qogam мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік бейімдеу орталығына («Байқауға қатысу үшін» белнісімен) тапсыру қажет.
Өтінімдер 2025 жылғы 17 қарашадан 30 қарашаға дейін қабылданады.
Қатысуға қатысты сұрақтар бойынша мына мекенжайға жүгінуге болады: Қарағанды қ., Тәттімбет көшесі, 709, Ten Qogam мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік бейімдеу орталығы.
Жауапты үйлестіруші: Қайырбек Жармағамбетов.
Телефон: 8-702-42-44-333.
E-mail: ten.qogam@gmail.com.