Теміртау әкімдігі коронавирустық инфекцияның тарауына жол бермеу бойынша алдын алу шараларын қабылдау мақсатында ауқымды дезинфекциялау науқанын бастады.
17 қазанда сағат 15.00-де дезинфекциялаушы ерітіндімен "Металлург" спорт кешені аумағындағы балалар алаңдары мен спорт құрылыстары, Металлургтер даңғылындағы балалар алаңы мен ойын алаңы, Мәдениет сарайының алаңы, Металлургтер монументі жанындағы алаң, балалар ауылы ауданындағы балалар алаңы өңделді.
Сондай-ақ, Теміртау әкімі Қайрат Бегімов қала автопарктеріне автобус салондарын санитарлық өңдеуді күшейтуді тапсырды. Қоғамдық көлік жүргізушілерін жеке қорғаныс құралдарымен және антисептиктермен қамтамасыз ету қажет. Автопарк қызметкерлері мен жолаушылардың бетперде режимін сақтауын бақылау тапсырылды.
- Жолға шығар алдында жүргізушілерге және автопарктің қызмет көрсетуші персоналына қатаң медициналық бақылау жасалуы тиіс. Сондай-ақ, қоғамдық көлік жолаушыларының бетперде режимін сақтауын назардан тыс қалдыруға болмайды, - деп атап өтті Қайрат Бегімов.