Қарағандыда мәдениет елшілерін іріктеу басталды

Қарағандыда мәдениет елшілерін іріктеу басталды

Қарағанды облысында «Saryarqa Life» жобасының мәдениет елшілерін іріктеу басталды. Жобаның мақсаты – өңірдің мәдени өмірін байытып, шығармашылық дамуға үлес қосатын 100 белсенді әрі талантты жасты біріктіру.

Іріктеуге 14 пен 35 жас аралығындағы музыкаға, театрға, киноға, биге, дизайнға, фотосуретке және өнердің басқа да бағыттарына қызығушылық танытқан облыс жастары қатыса алады.

Команданың бір бөлігі болу үшін келесі шарттарды орындау қажет:

- 10 шығармашылық бағыттың бірін таңдау;

- қатысушы анкетасын толтыру;

- ұзақтығы бір минутқа дейінгі қысқаша бейнепрезентация жазу – өзіңіз туралы, мотивацияңыз жайлы айтып, шығармашылығыңыздың мысалын көрсету;

- бейнені Instagram-ға @saryarqa_jastary және @saryarqa_life аккаунттарын белгілей отырып, Collab форматында жариялау;

- бейне мен өтінімді WhatsApp арқылы 8-777-200-13-63 нөміріне жолдау.

Өтінімдер 15 қарашаға дейін қабылданады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба шығармашыл жастарды біріктіріп, оларды жаңа идеяларға шабыттандыруға және Сарыарқаның мәдени көшбасшылары қауымдастығын құруға бағытталған.