
Қарағанды облыстық Абай атындағы балалар кітапханасында квиллинг техникасы бойынша шеберлік сабағы өтеді. Онда оқушылар тәжірибелі ұстаздың жетекшілігімен қағаздан сәнді панно дайындайды.
Тегін шеберлік сабағына 16 қараша күні сағат 15:00-де барлық ниет білдірушілер шақырылады. Кітапханашының көмегімен балалар күзгі шетен бұтағын бейнелейтін әсем панно жасайды. Қатысушылар түрлі-түсті қағаздардан шиыршықтар орап, оларды әдемі өрнек түрінде орналастырып, квиллинг техникасының қыр-сырын меңгереді.
– Шеберлік сабағы 7–10 жас аралығындағы балаларға арналған. Барлық қажетті материалдарды кітапхана ұсынады, сондықтан қатысушылар өздерімен ештеңе алып келмейді, – деді Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры Баян Уатаева.
Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының мекенжайы: Бұқар жырау даңғылы, 30