«Махаббат аңызы»: Қарағанды музыкалық комедия театры қуыршақтармен қойылатын пластикалық спектакльдің премьерасына шақырады

«Махаббат аңызы»: Қарағанды музыкалық комедия театры қуыршақтармен қойылатын пластикалық спектакльдің премьерасына шақырады

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры шығармашылық ізденісін жалғастырып, жанрлық аясын кеңейтуде. Театр ұжымы алғаш рет көрерменге қуыршақтармен сахналанған пластикалық спектакль ұсынбақ. 

Қойылым режиссері – алматылық театр маманы Андрей Зайцев.

«Махаббат аңызы. Жезтырнақ» атты спектакльдің премьерасы 8 қараша күні Музыкалық комедия театрының Қызыл залында өтеді. Басталуы – сағат 17:00-де.

«Бұл қазақ мифологиясындағы көне бейнені қазіргі заман тұрғысынан қайта жаңғыртқан сахналық туынды, – дейді театр ұжымы. – Қойылым қиял мен аңыздың шекарасында өрбиді: жарық пен түнектің күресі, адамдық таңдау мен оның құны, сондай-ақ махаббаттың қарғысқа қарсы тұра алуы туралы философиялық ой қозғалады. Мистикалық, романтикалық әрі трагедиялық сипаттағы бұл әлемде ежелгі аңыздар қайта тіріліп, көрерменге мәңгілік сұрақ қояды: не мықтырақ – үрей ме, әлде махаббат па?»