
Қарағанды облысында 31 қазан күні сағат 17:00-де бүкіл республика бойынша дәстүрлі «Халық заңгері» акциясы бастау алады. Іс-шара барысында тұрғындар адвокаттардан, нотариустардан, прокурорлар мен тергеушілерден, сот орындаушыларынан және мемлекеттік органдардың басшыларынан тегін құқықтық көмек ала алады.
Акцияның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға сапалы әрі тегін заң көмегін көрсету.
Шараны Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Zakon.kz желілік басылымы, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен кәсіби заңгерлер қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Қарағанды қаласында акция өтетін орындар:
Достық үйі (Шахтёрлер даңғылы, 64);
«Таир» сауда орталығы (Космонавтар көшесі, 1в);
«Каскад» сауда үйі (Мамраев көшесі, 24/1).
Облыстың басқа қала және аудандарында:
Теміртау – Мәдениет сарайы (Республика даңғылы, 38);
Приозерск – қалалық әкімдік (Пушкин көшесі, 7);
Балқаш – Мәдениет сарайы (Абай көшесі, 32);
Шахтинск – Халыққа қызмет көрсету орталығы (А. Құнанбаев көшесі, 65б);
Саран – Мәдениет сарайы (Жамбыл көшесі, 69/1);
Абай қаласы – Мәдениет үйі (Абай көшесі, 23а);
Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті – Мәдениет үйі;
Қарқаралы – Мәдениет үйі;
Шет ауданы – Мәдениет үйі;
Ақтоғай ауданы – Мәдениет үйі;
Нұра ауданы – Мәдениет үйі;
Осакаров ауданы – Мәдениет үйі.
«Халық заңгері» акциясы елімізде бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келеді және өз тиімділігін дәлелдеген жобаға айналды. Осы уақыт ішінде 10 мыңнан астам кәсіби заңгер мен мемлекеттік орган өкілдері қатысып, 400 мыңнан астам азамат тегін құқықтық кеңес алған.
Шара қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайтуға, азаматтардың өз құқықтарын қорғау тетіктерін жақсырақ түсінуіне және заңгерлік көмекке қолжетімділікті арттыруға бағытталған.