Бұқар жырау ауданында жаңа ветеринарлық пункт ашылды

Бұқар жырау ауданында жаңа ветеринарлық пункт ашылды

Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті ауылдық округінде жаңа модульдік ветеринарлық пункт ашылды. Ол үй және ауыл шаруашылығы жануарларын диагностикалауға, алдын алуға, вакцинациялауға, емдеуге және жоспарлы тексеруге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен жабдықталған.

Жаңа ветеринарлық пункт Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында салынды.

– Жаңа пункт талдаулар үшін сынама алу, вакциналау және жануарларды емдеу үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған. Ветпункт штаты жинақталған: онда пункт меңгерушісі мен екі фельдшер жұмыс істейді. Ең алдымен, бұл пункт малға көмекке есептелген, бірақ егер үй мысығының немесе иттің иелері ол жаққа барса, олардың ауруына байланысты оларға да көмектесуге тырысады, – дейді Бұқар жырау аудандық ветеринарлық станциясының басшысы Павел Салащенко.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Руслан Кенжебеков алдағы Республика күнімен және ауыл тұрғындарын ветеринарлық пункттің ашылуымен құттықтады.

– Құрметті ветеринарлар, ауыл тұрғындары! Сіздерді келе жатқан мереке – Республика күнімен құттықтаймын! Осындай атаулы күн қарсаңында Көкпекті ауылының тұрғындары үшін маңызды және көптен күткен оқиға - ветеринарлық пункттің ашылуы болып жатыр. Енді ауыл тұрғындары ветеринарлық көмекті сол жерден ала алады: жануарларды вакциналау, алдын алу және емдеу үшін мүмкіндіктер бар, – деді Руслан Кенжебеков.

Биыл облыстың ветеринарлық станциялары үшін 66 автокөлік сатып алынды.