
Бұқар жырау ауданына қарасты Көкпекті ауылында Республика күні қарсаңында заманауи балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Жаңа демалыс аймағы бұрын көпбалалы және жалғызбасты аналарға берілген үйлердің ауласында орналасқан.

Енді ауыл балалары таза ауада сырғанақ, әткеншек теуіп, түрлі түсті ойын құрылғыларында қауіпсіз әрі көңілді уақыт өткізе алады. Барлық ойын элементтері қауіпсіздік талаптарына сай берік материалдардан жасалған.

— Біз әдемі ғана емес, қауіпсіз алаңша жасауды мақсат еттік. Бұл жерде балалардың күлкісі естіліп, көтеріңкі көңіл-күй орнаса дейміз, — дейді ойын алаңын орнатқан мердігер, жеке кәсіпкер Серік Жұманов.
Алаңның ашылуына ауыл тұрғындары және, әрине, мерекенің басты қонақтары — балалар қатысты.