Қарағандылық студенттерді жасанды интеллект туралы интерактивті дәріске шақырады

Қарағандылық студенттерді жасанды интеллект туралы интерактивті дәріске шақырады

Цифрлық технологиялардың даму бағытына қызығушылық танытқан жастарды 28 қазан күні сағат 15:00-де Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтетін интерактивті дәріске шақырады. Дәрістің тақырыбы – «Жасанды интеллект: ол жастардың өмірін қалай өзгертеді?»

Шара барысында студенттерге жасанды интеллекттің бүгінгі даму деңгейі мен оның мүмкіндіктері жайында Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің математика және ақпараттық технологиялар факультетінің аға оқытушысы Сая Дәуылбаева әңгімелеп береді.

Кездесу интерактивті форматта өтеді: қатысушылар спикерге сұрақтарын қойып, пікір алмаса алады.

Дәріске кіру тегін.

Іс-шара «Жаспен бірге» жастар клубының кезекті отырысы аясында ұйымдастырылып отыр.