Қазақстанда 10-20 қазан аралығында қаржылық қауіпсіздік тақырыбында республикалық онлайн-диктант өтеді. Акция «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы мен «Адал Азамат» бағдарламасы аясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған. Іс-шараны Қаржылық мониторинг агенттігі қолға алып, қазақстандықтарды өздерінің қаржылық сақтығын сынап көруге шақырады.
Жобаның негізгі мақсаты – азаматтардың қаржылық тәуекелдер мен интернет-алаяқтықтан қорғану тәсілдері туралы білімін арттыру, қоғамда қаржылық мәдениетті қалыптастыру.
Онлайн-диктант https://amlacademy.kz/finiq платформасында өтеді. Қатысуға кез келген адам – оқушыдан бастап зейнеткерге дейін – мүмкіндік алады. Қатысушыларға барлығы 20 сұрақ ұсынылады.
Нәтижесінде қатысушыларға сертификаттар мен дипломдар табысталады, ал ең үздік нәтиже көрсеткендерге арнайы сыйлықтар қарастырылған.