Қарағанды облысында жастарға қолдау көрсету мақсатында Next Urpag атты көшпелі лагерь ұйымдастырылмақ. Іс-шара қала сыртындағы демалыс лагерінің базасында өтеді. Мұнда қатысушылар бірнеше күн бойы пайдалы әрі мазмұнды бағдарламамен қамтылады. Олардың қатарында – тұлғалық даму тренингтері, шеберлік сабақтары, мотивациялық кездесулер және концерттік бағдарлама бар. Барлығы тегін ұсынылады.
– Біздің коучтарымыздың басты мақсаты – жастардың мүмкіндігін ашу. Әрбір қатысушының жеке әлеуетін анықтап, оған лайықты мотивация мен қолдау көрсетеміз. Осы арқылы жастар өз жолын тауып, болашағына нақты қадам жасай алады, – деп атап өтті Қарағанды облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Аслан Кабегенов.
Қатысушыларды тіркеу жалғасып жатыр. Өтініштер 3 қазанға дейін 8-777-073-50-44 нөмірі арқылы қабылданады.
Next Urpag лагері 6–10 қазан аралығында өтеді. Жобаның ұйымдастырушысы – Қарағанды облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасы.