Ермағанбет Бөлекпаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Ермағанбет Бөлекпаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Өңір басшысына тұрғындар тұрғын үй, абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, бизнеске қатысты әртүрлі сауалдармен жүгінді.

Мысалы, Ақтоғай аудандық мәслихатының депутаты қабылдауға келіп, Сарышаған станциясындағы түйткілдерді жеткізді. Ол облыс әкімі Ақтоғай ауданында өткізген жеке қабылдауының нәтижесінде фельдшерлік-акушерлік пункт ашу мәселесі шешілгенін атап өтті. Бұл жолы сумен қамтамасыз ету, абаттандыру, жылумен қамту, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару мәселелері көтерілді.

Ермағанбет Бөлекпаев энергетика және ТКШ жөніндегі тиісті басқармаға аталған түйткілдерді жергілікті жерде жан-жақты зерттеуді тапсырды.

Облыс әкімі әрбір өтініш қолданыстағы заңнама аясында қаралатынын ерекше атап өтті.