Фестиваль, шеберлік сабақтары, байдаркада өнер көрсету: қарағандылықтарды Дүниежүзілік туризм күнін атап өтуге шақырады

Фестиваль, шеберлік сабақтары, байдаркада өнер көрсету: қарағандылықтарды Дүниежүзілік туризм күнін атап өтуге шақырады

Дүниежүзілік туризм күні жыл сайын 27 қыркүйекте аталып өтеді. Бұл күннің бекітілуі кездейсоқ емес: дәл осы күні 1970 жылы Бүкіләлемдік туристік ұйымның (UNWTO) хартиясы қабылданып, туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негізі қаланды. Қарағандылықтарды мерекеге қосылып, жаңа саяхаттарға шабыт алуға шақырады.

Сенбі күні, 27 қыркүйекте, Орталық саябақта «Саяхатқа шабыт беретін Қарағанды» облыстық туристік фестивалә өтеді! Басталуы сағат 12:00-де.

Бағдарлама мазмұнды әрі қызықты: туризм бойынша шеберлік сабақтары, арнайы жәрмеңке, байдаркадағы көрсетілімдер ұйымдастырылады. Фестивальде туризм саласының мамандарымен сұхбаттасып, жорық өмірінің қыр-сырымен танысып, қажетті дағдыларды меңгеруге болады. Сондай-ақ көрермендерге арналған әуенді бағдарлама да әзірленген.

«Отбасыңызбен келіңіздер, достарыңызды ертіп келіңіздер және бізбен бірге жаңа сапарларға шабыттаныңыздар!» – дейді ұйымдастырушылар.

Иллюстрация ЖИ көмегімен жасалды