Қарағандылықтарды бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне шақырады

Қарағандылықтарды бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне шақырады

Қарағанды облысы бойынша Еңбек мобильдігі орталығы қала тұрғындары мен қонақтарын жұмыс іздеуге арналған аймақтың ең ірі алаңдарының біріне шақырады. Еңбек күні қарсаңында, 26 қыркүйекте Қарағандыда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.

Облыстың жетекші кәсіпорындары мен компаниялары түрлі мамандықтар бойынша бос орындар ұсынады. Негізгі басымдық – жұмысшы мамандықтарына: слесарьлар, дәнекерлеушілер, аспаздар, жүргізушілер, жол жөндеуші монтажшылар, токарьлар, түрлі бағыттағы шеберлер, сондай-ақ қызмет көрсету саласының мамандары қажет. Жұмыс берушілер ресми түрде жұмысқа орналастыруды, тұрақты еңбекақы мен толық әлеуметтік пакетті кепілдейді.

Жәрмеңке ізденушілер үшін компания өкілдерімен тікелей сөйлесіп, жұмыс шарттарын нақтылап, сол жерде-ақ жұмысқа ұсыныс алуға ыңғайлы мүмкіндік болмақ.

Жәрмеңке «Таир» сауда үйінде өтеді. Мекенжайы: Қарағанды қ., Космонавтар көшесі, 1, ғимарат 1/29.

Басталуы — сағат 15:00.