Қарағандыдан Семейге тікелей әуе рейсі ашылды

Қарағандыдан Семейге тікелей әуе рейсі ашылды

Енді Қарағандыдан Семейге жету бұрынғыдан да оңай, жылдам әрі ыңғайлы болмақ. 23 қыркүйектен бастап Қарағандыдағы «Сарыарқа» әуежайынан Семейге тікелей тұрақты әуе рейсі орындала бастады. Ұшулар аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері жүзеге асырылады.

Рейсті SCAT әуе компаниясы Bombardier CRJ200 әуе лайнерімен орындайды. Ұшақ 50 жолаушыға арналған.

Билеттің құны – 15 000 теңге. Рейс субсидияланады, сондықтан бұл сапар тұрғындар үшін барынша қолжетімді болмақ.

Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар Қарағанды – Ақтау және Қарағанды – Орал бағытындағы әуе рейстері ашылды. Ұшулар аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері орындалады.