Қарағанды облысының жеті ауданынан келген 90-нан аса ауыл шаруашылығы өндірушілері «Ауыл береке – 2025» күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 120 тоннадан астам өнімді ұсынды. Тауарлар орташа нарықтық бағадан 10–15 пайызға төмен бағамен сатылды.
Дәстүрге айналған жәрмеңке биыл да Global City СОО аумағында өтті.
Мұнда облыстың ауыл шаруашылығы және тауар өндірушілері сатып алушыларға 52,2 тонна ет, 25 тонна картоп, 7 тонна көкөніс, 16 тонна сүт өнімдері, 4 тонна балық және балық өнімдері, 175 мың дана тауық жұмыртқасы мен 10 тонна өзге де өнімдер ұсынды.
Қарағандыда келесі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері 27-ші қыркүйекте, 4,18-ші қазанда және 1-ші қарашада өтеді.
«Ауыл береке» жәрмеңкесі жыл сайын күзде өткізіледі және оның мақсаты – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау, өнім өткізу нарығын кеңейту және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.