IT-хаб «Террикон алқабы» 19 қыркүйек күні сағат 18:30-да «Транстелеком» АҚ-мен бірлескен неконференцияға шақырады. Іс-шара кәсіпкерлер мен стартап өкілдеріне, ақпараттық қауіпсіздік мамандарына, басшыларға қызықты болады.
Мұнда өз салаңыздағы басқа мамандармен тәжірибе алмасып, пайдалы байланыстар орнатуға, спикерлермен нетворкингке қатысып, жаңа ақпарат алуға және нақты кейстерден үйренуге мүмкіндік бар.
Қатысушыларға келесідей іс-шаралар ұсынылады:
- компания сарапшыларының дәрістері: деректер туралы, IT саласындағы мансап, бұлтты сервистерді дамыту, жасанды интеллекттің рөлі және операторлар арасындағы байланыстың қалай ұйымдастырылатыны жайлы;
- бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – жұмыс берушімен тікелей танысып, армандаған мансап жолына алғашқы қадам жасау мүмкіндігі;
- нетворкинг – қарым-қатынас, тәжірибе алмасу және құнды байланыстар үшін.
Іс-шара екі бағытта өтеді. Олар бір мезгілде екі конференц-залда/дәрісханада ұйымдастырылады.
Қатысу тегін.
Тіркеу сілтемесі: terricon.kz.
Формат: офлайн/онлайн
Мекенжайы: «Террикон алқабы» IT-хабы, Алалыкин көшесі, 12.
Неконференция Қарағанды облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.