Ұлттық банк Евней Бөкетовтың 100 жылдығына арнап коллекциялық монеталар шығарды

Ұлттық банк Евней Бөкетовтың 100 жылдығына арнап коллекциялық монеталар шығарды

Академик, көрнекті ғалым-химик Евней Бөкетовтың 100 жылдығына орай коллекциялық монеталар айналымға шықты. Оның есімі бүгінде Қарағанды ұлттық зерттеу университетіне берілген. Монеталардың номиналы – 200 теңге, ал жалпы тиражы – 5000 дана.

Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, Евней Бөкетовтың мерейтойына арналған бұл монеталар «Елеулі оқиғалар мен тұлғалар» сериясы аясында шығарылды. 22 қыркүйектен бастап оларды реттеуші органның интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.

Дизайнында ғалымның портреттік бейнесі қолданылған.

Монета мельхиор қорытпасынан (МН 25) жасалған. Салмағы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм. Жасалу сапасы – brilliant uncirculated.