Қарағандылықтарды ақын Серік Ақсұңқарұлының үштомдығының тұсаукесеріне шақырады

Қарағандылықтарды ақын Серік Ақсұңқарұлының үштомдығының тұсаукесеріне шақырады

Қарағанды облыстық Н. В. Гоголь атындағы кітапханада 17 қыркүйек күні сағат 15:00-де Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Серік Ақсұңқарұлының таңдамалы шығармаларынан құралған үштомдық жинағының тұсаукесері өтеді.

Бағдарламада – автордың шығармашылық жолына арналған көркем бейнероликтің көрсетілімі, сондай-ақ Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік әртістерінің музыкалық қойылымдары ұсынылады.

Ресми бөлімнен кейін қонақтарды автордың қатысуымен сұрақ-жауап сессиясы, автограф-сессия және ақынмен естелік суретке түсу мүмкіндігі күтеді. Кездесу соңында ақындар арнау жырлары мен өнерлерін ортаға салады.

Таныстырылған үштомдық қазан айының ортасына қарай кітапхана қорына түседі. Кітапханаға бұл жинақтың үш данасын сатып алу жоспарланып отыр.