Қағанды облысында 17 қыркүйек күні барлық қолда бар дыбыстық электросиреналарды қосу арқылы дабыл беру жүйесінің техникалық тексерісі жүргізіледі. Сиреналар сағат 10:55-те іске қосылады. Тұрғындардан сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауды сұрайды.
«Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары!
Азаматтарды құлақтандырудың аумақтық жүйесінің «Баршаға назар!» дабылы бойынша дайындығын тексеру мақсатында 17 қыркүйек күні сағат 10:55-те барлық дыбыстық электросиреналар іске қосылады.
Сабыр сақтауларыңызды, үрей мен жалған ақпаратқа ермеулеріңізді сұраймыз.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласуға болады», – деп жүгінді Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындарына.
Тексеру халықты құлақтандырудың аумақтық жүйесін дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі.